Қатар-2022. Уругвай мен Оңтүстік корея тең түсті

©РИА Новости

Қатардағы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея мен Уругвай кездесіп тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Эр-Райан қаласының "Эдукейшн Сити" аренасындағы ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Енді құрамында Луис Суаресі бар оңтүстік америкалықтар 28 қараша күні Португалияға қарсы өткізсе, Сон Хын Мин бастаған азиялықтар сол күні Ганамен ойнайды. 

Осылайша, Н тобында Уругвай мен Оңтүстік Корея алғашқы ұпайларын еншіледі. Бұл топта өнер көрсететін Португалия мен Гана командалары бүгін 22:00-де кездеседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport