Катар-2022. Ширек финалда қарсы ойнайтын барлық жұп командалар анықталды

7 желтоқсан 2022 09:31
©REUTERS

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатында 1/4 финалға өткен барлық командалар анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Плей-офф кезеңінің төртінші күні ширек финалға Марокко мен Португалия өтіп отыр. Африкалық команда 1-/8 кезеңінде Испанияны пенальти сериясында 3:0 есебімен ұтып кетті. 

Осылайша, 10 желтоқсан марокколықтар әлем чемпионаты тарихында алғаш рет ширек финалда ойнайды, қарсыласы Португалия. 

Еске салайық, мұның алдында ширек финалда қарсы ойнайтын үш жұп анықталған болатын: Хорватия - Бразилия (матч 9 желтоқсанда өтеді), Нидерланды - Аргентина (10 желтоқсан) және Англия - Франция (11 желтоқсан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport