Катар-2022. Қазақстан құрамасы қатыспайтын әлем чемпионатына билеттер сатыла бастады

©ФИФА

Биыл футболдан Катарда әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай Халықаралық Футбол Федерациясы (ФИФА) парсы шығанағындағы мундиальдың топтық кезең ойындары мен финалдық матчына билеттер сата бастады. Ресми сатыла бастаған күні әлемнің жан-жағынан Катардағы футбол тойына билет алуға 1,2 млн жанкүйер онлайн форматында өтініш білдірген.

Өтініш қалдырған жанкүйерлердің басым бөлігі – Катар, Аргентина, Мексика және АҚШ елдерінен болып отыр. Финалдық ойынды стадионнан өз көздерімен көру үшін 140 мың жанкүйер дайын екендігін жеткізген.

Сатылымның алғашқы кезеңі 8 ақпанға дейін жалғасады. Сонымен топтық кезеңдегі ойындардың бағасы шетелдіктер үшін – 250-800 катар риалы тұрса (69$-220$ АҚШ доллары), жергілікті жанкүйерлер үшін – 40 риалға сатылуда (11$).

Финалдық кездесудің бағасы шетел азаматтарына – 220-5850 риалдан (604$-1600$), ал катарлық жанкүйерлер әлем чемпионатының финалы небәрі 750 риалға айналады (206$).

Еске салайық, араб әлемінде алғаш өткелі жатқан мундиаль қараша айының 21 мен желтоқсан айының 18 күндері аралығы өтеді. Қазақстан құрамасы аталмыш турнирге қатыспайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: