Катар-2022: Англия - Иран және тағы екі матчке трансляция

©Global Look Press

Бүгін, 21 қараша Катардағы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аясында үш матч өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін алаңға Англия - Иран (19:00, В тобы), Сенегал - Нидерланды (22:00, А тобы) және АҚШ - Уэльс (01:00, В тобы) жұптары шығады. Ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телерананың ресми сайтында қолжетімді

Әлем біріншілігі кеше, 20 қарашада бастау алды. Ашылу матчінде Катар құрамасы Эквадордан ұтылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport