Катар-2022. ӘЧ кезінде некеге тұрмағандар жыныстық қатынасқа түспейді

©vokrugsveta

Катарда футболдан әлем чемпионаты кезінде футболшыларға, құрамалардың ресми өкілдеріне және жанкүйерлерге некеге тұрмаған жағдайда жыныстық қатынасқа түсуге болмайды. Бұл туралы Daily Star хабарлады.

Мұндай шектеу әлем чемпионаттарының тарихында бірінші рет қойылып отыр. Заңды бұзған жағдайда жергілікті билік жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Еске салайық, Катардағы әлем біріншілігі 21 қараша мен 18 желтоқсан аралығына жоспарланған. Әлем чемпионаты мұсылман елдері арасында тұңғыш рет өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport