Кәсіпқой футбол лигасының президенті тағайындалды

©АиФ

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының президенті ауысты, деп жазады аталмыш лиганың ресми сайты.

Елорда төріндегі футбол Үйінде Лиганың жалпы отырысы өтті.

"Олжас Абраев ҚКФЛ президенттігіне Рохус Шохты ұсынды. Лига мүшелері Рохтың кандидатурасын бірауыздан қабылдады. Нәтижесінде Рохус Шох ҚКФЛ Президенті болып тағайындалды", - деп жазады лиганың ресми сайты.

Еске салайық, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасын осыған дейін Олжас Абраев басқарды. Қазіргі таңда Абраев ҚФФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport