"Каспий" португалиялық ойыншыны қатарына қосты
Ақтаулық "Каспий" клубы португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидоны өз қатарына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ақтаулық "Каспий" клубы португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидоны өз қатарына қосты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ойыншы клубпен еркін агент ретінде келісімшартқа отырды.
Бұған дейін Рубеннің "Астанаға" ауысатыны хабарланған еді, бірақ елордалық клубпен келісімшарт бойынша келісе алмады.
31 жастағы ойыншы осыған дейін Португалия, Кипр, Румыния және Болгария чемпионатында өнер көрсеткен. 2020 жылы ойыншы "Ордабасыға" ауысып, шымкенттік клуб сапында 38 матчқа қатысты (4 гол, 2 нәтижелі пас). Одан кейін жартылай қорғаушы "Тобыл" сапында доп тепті. Қостанайлық командамен бірге 36 ойынға қатысып, 1 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді.
Жарнама