"Каспий" командасы "Ақсудың" нигериялық футболшысы Фейт Обилорды қатарына қоспақшы. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Өткен маусымда "Ақсу" командасы сапында 22 кездесу өткізген 31 жастағы футболшы негізі Павлодарда қалуға ниетті. Бірақ "Каспий" басшылары оған қаржылық жағынан жақсырақ келісімшарт ұсынбақ.
Еске салайық, осыған дейін Обилар ҚПЛ-де "Тараз" командасының намысын қорғады.
Өткен маусымда "Ақсу" алтыншы орынға орналасса, "Каспий" тоғызыншы орын алды.