"Каспий" мен "Қызылжар" тең тарқасты

ФК "Каспий"©

Футболдан ел премьер-лигасының 17-турындағы "Каспий" мен "Қызылжар" командалары арасындағы ойын тең аяқталды. Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Ойын ұлттық құраманың Талғардағы оқу-жаттығу базасы алаңында өтті. Бірінші болып 7 минутта Шота Григалашбили "Қызылжарды" алға шығарды. 69 минутта Амандық Набиханов таразы басын теңестірді.

1 ұпай алған "Каспий" "Оқжетпеспен" бір қатарда көш соңында тұр. Турнирдің аяқталуына 3 тур бар.

Айта кетейік, осыған дейін Алматының "Қайраты" уақытынан бұрын чемпиондық атақты жеңіп алған болатын.

Метки:
Жаңалықтар