Грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая карьерасын қазақстандық "Каспий" командасында жалғастырады. Бұл туралы ақтаулық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Грузиялық шабуылшы Георгий Панцулая біздің клубымызбен келісімшартқа отырды. 28 жастағы шабуылшы осы күнге дейін 85 гол соғып 17 нәтижелі пас берген екен. Георгий қош келдің біздің отбасымызға. Сәттілік саған", - делінген клуб таратқан ақпаратта.
Осыған дейін Панцулая "Динамо" (Батуми), "Торпедо" (Кутаиси) "Чихура", "Самтредиа", "Дила Гори", "Сабуртало", "Цхинвали", "Зестафони" секілді командаларда өнер көрсеткен.