"Каспий - "Қайрат" және ҚПЛ бесінші турының тағы төрт матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК

Бүгін, 14 сәуірде футболдан Қазақстанның OLIMPBET чемпионаты бесініші турының бес матчі өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz

Бүгін "Ордабасы" - "Астана" (15:00), "Каспий" - "Қайрат" (16:00), "Тобыл" - "Қайсар" (17:00), "Атырау" - "Жетісу" (18:00), "Тұран" - "Тараз" (20:00) командалары ойнайды.

"Ордабасы" - "Астана" және "Тобыл" - "Қайсар" кездесуін Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен бірге, матчтерді PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.

Бесінші турдың мұның алдындағы екі ойынында "Қызыл-Жар" командасы "Ақтөбеден" (1:2), ал "Шахтер" "Ақжайықтан" (1:2) ұтылған еді.