"Каспий" жаңа бас бапкер тағайындады

31 желтоқсан 2021 16:06
©dynamo.kiev.ua

Ақтаулық "Каспий" бас бапкер қызметіне 58 жастағы болгариялық маман Николай Костов тағайындалғанын хабарлады.

Тәжірибелі бапкер 2018 жылдың шілдесі мен 2019 жылдың қарашасы аралығында қарағандылық "Шахтер" клубын жаттықтырған еді.

Бұған дейін Костов "Добруджа" (Болгария), "Анортосис" (Кипр), "Олимпиакос" (Кипр), АЕК (Кипр), "Бананц" (Армения), "Металлург" (Украина), "Левски" (Болгария), "Карпаты" (Украина), "Таврия" (Украина), "Тосно" (Ресей), "Ботев Пловдив" (Болгария) және "Сталь" (Украина) командаларында еңбек еткен.

Футболшы ретінде Костов Болгарияның үш дүркін чемпионы және Болгария кубогінің екі дүркін жеңімпазы атанды, сондай-ақ, Кипр кубогін жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: