"Каспий" екі сербиялық футболшыны қатарға қосқанын хабарлады
Сурет "Каспий" сайтынан алынды.
Ақтаулық "Каспий" сербиялық футболшы Ненад Гавричпен және Милош Станоевичпен келісім-шартқа отырды.
Ақтаулық "Каспий" сербиялық футболшы Ненад Гавричпен және Милош Станоевичпен келісім-шартқа отырды.
29 жастағы жартылай қорғаушы "Црвена Звезда", "Войводина", "Младост" және "Раднички" командаларында ойнаған.
Өткен маусымда Гаврич Сербия чемпионатында 30 матч өткізіп, 9 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазған.
Станоевич бұған дейін "Младост", "Раднички", босниялық "Сараево" және түркиялық "Анкараспор" сияқты командаларда доп тепті. Жартылай қорғаушының соңғы клубы Түркияның бірінші лигасында бақ сынайтын "Анкарагюджу" болды
Жарнама