"Қарымта қайтаратын уақыт". Шотланиялық комментатор Еуро-2020 матчіндегі Қазақстанмен ойын туралы

© Тұрар Қазанғапов
Шотландия құрамасы Еуро-2020 іріктеуінің шешуші матчінде Қазақстаннан қарымтасын алуға тырысады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында шотландиялық футбол ардагері мен комментатор Давид Прован айтты.

"Бұл маусым брінші матчтен-ақ қыңыр кетті. Бәрі Қазақстаннан ойсырай ұтылудан басталды. Қарымта алатын уақыт келді. Шотландиялықтар үшін бір нәтиже бар - ол жеңіс. Жанкүйерлері алдында олар барынша ынталы болады. Қазақстан құрамасының негізі аяталған жергілікті чемпионаттан жиналған. Мұның бәрі Шотландия пайдасына келіп тұр", - дейді Прован. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бас бапкер Михал Билек алдағы ойынға қатысты қаупі барын айтқан, ал жартылай қорғаушы Юрий Перцух команда топтағы үшінші орын үшін таласуға тырысатынын мәлімдеді.
Жаңалықтар