Қартаймайтын футболшы "Фиорентина" сапынан кетті

сурет: getty images

Франция құрамасының экс-жартылай қорғаушысы Франк Рибери "Фиорентина" клубынан келісімшарты аяқталысымен кетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

38 жастағы ойыншы "Лацио" сапына ауысуы мүмкін деген әңгімелер тараған. Алайда римдіктер Риберидің орнына басқа футболшыны алатынын мәлімдеді. Ол 2020/21 жылғы маусымда А сериясында 30 матчте 2 гол соғып, әріптестеріне 7 рет гол соғатын мүмкіндік жасаған.

Кезінде Зинедин Зидан "Француз футболының маржаны" деп атап кеткен Рибери заманында "Бавариямен" Чемпиондар Лигасын жеңіп алған. Германияның тоғыз дүркін чемпионы деген атағы және бар. Франция құрамасының сапында 81 ойында 16 гол соққан. Өз уақытында әлемнің ең қымбат жартылай қорғаушыларының бірі саналған француз футболшысының нарықтағы құны анағұрлым арзандағаны рас. Дегенмен соның өзінде құны Қазақстан құрамасының ең бағалы ойыншыларынан қымбат - 3 миллион еуро.

Метки: