Футбол
29 қазан 2020 12:22

Қарсыласының басынан қайшылап тепкен "Қайсар" футболшысы ойыннан шеттелді

Сурет: "Жетісу" ФК
Қызылордалық "Қайсардың" шабуылшысы Александр Колев Қазақстан премьер-лигасының 15-ші тур қорытындысы бойынша ҚФФ Тәртіптік бақылау комитетінінң шешімімен екі матчке шеттелді. 

Болгариялық ойыншы "Жетісумен" матчте қызыл қағаз алды, ол допқа ұмтылып қайшылап тепкенде аяғы қарсыласының басына тиген.



Матчтен шеттеу мерзімі 2020 жылдың 27 қазанынан есептеледі.