Қарсыласты ойсырата ұтты! Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында покер жасады

©"Әл-Наср" ФК

Футболдан Сауд Арабиясы чемпионатының 16-турында "Әл-Наср" сырт алаңда "Әл-Вахда" командасымен ойнап, 4:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы 4 голды да Криштиану Роналду соғып, покер авторы атанды. 

Португалдық ойыншы команда сапында негізгі құрамда алаңға капитан ретінде шықты. Алғашқы голды португалиялық 21-минутта салды. Бұл оның ұлттық чемпионаттардағы 500-голы болды. Ойынның 40-минутында дубль жасады. 

53-минутта Роналду пенальтиді сәтті орындады, араға 8 минут салып матч есебіне нүкте қойды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport