Футбол
28 маусым 2020 14:41

Қарсыласқа құрмет. "МанСити" алдағы матчте "Ливерпуль" ойыншыларына "чемпиондар дәлізін" жасайды

"Ливерпуль". Сурет: Reuters
"Манчестер Сити" футболшылары "Ливерпуль" ойыншыларына құрмет көрсетіп, "чемпион дәлізін" ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды РИА Новости.


Бұл шара Англия премьер-лигасының 32-ші туры аясындағы команадалар арасындағы матч кезінде өтеді. Бұл ақпаратты команданың бас бапкері Хосеп Гвардиола растады. 

"Әрине, біз солай жасаймыз", - дейді испаниялық маман.

Ал "Манчестер Сити" - "Ливерпуль" ойыны 2 шілде Манчестерде өтеді.

Еске салайық, Англия чемпионатының аяқталуына жеті тур қалғанда "Ливерпуль" ел чемпионы атанды. Бұл команданың 30 жылдан кейінгі бірінші үлкен жеңісі. 

"Челси" өз алаңында "Ситиді" ұтып "Ливерпульді" чемпион етті