Қарсылас команда бапкерін жығып кеткен футболшыға қатысты шешім шығарылды

©imago images/Jan Huebner
Германия чемпионатының 12-ші тур матчінде "Фрайбург" бапкері Кристиан Штрайхке шабуылдаған "Айнтрахт" капитаны Давид Абрахам ұзақ уақытқа шеттелді, - деп хабарлайды RTL.de.

Футболшы 29 желтоқсанға дейін жеті аптаға дейін ойнай алмайды. Осылайша, 33 жастағы аргентиналық алаңға тек 2020 жылы ғана шыға алады. Сонымен бірге, ол 25 мың еуро айыппұл төлеуі тиіс. 

Еске салайық, оқиға ойынның қосымша уақытында болды. Абрахам аутқа кеткен доп артынан жүгіріп бара жатып, Штрайхты иықпен қығып кеткен. "Фрайбург" футболшылары бапкерін құлатып кеткенге ызаланады да, мұның арты жаппай төбелеске ұласты. 

Сонымен қатар, видеотрансляцияның бірінде бапкердің "Айнтрахт" капитанына бір нәрсе айтқаны байқалады, футболшы осы сөзге ашуланған болуы мүмкін. 




Бұл әрекеті үшін төреші Абрахамды ойыннан шеттеді. Ал жалпы үш футбоы ойыннан шығарылды: "Айнтрахттың" екі және "Фрайбургтің" бір ойыншысын.