Карлос Тевес Англия чемпионатына қайта оралуы мүмкін

©МЮ ФК

Карлос Тевес "Тоттенхэмге "ауысуы мүмкін, деп жазады Corriere dello Sport басылымы.

Басылымның мәліметінше, Аргентина құрамасының экс-шабуылшысы 16 сәуір күні "Тоттенхэм" бас бапкері Антонио Контемен келіссөз жүргізеді. Дәл сол күні Англия чемпионатының 32-турында лондондықтар өз алаңында "Брайтонды" қабылдайды.

Еске салайық, 38 жастағы Карлос Тевес кезінде "Манчестер Юнайтедпен" Премьер-лиганы 2 рет ұтып, "Манчестер Сити" клубымен 1 мәрте чемпион атанған. Аргентина құрамасының сапында 76 матчта 13 гол соғып, 2004 жылы Афины Олимпиадасының алтын жүлдесін иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар