Карло Анчелотти "Реалдың" сәтсіздіктерін түсіндірді

©globallookpress.com

"Реалдың" бакпері Карло Анчелотти 2022/23 маусымында командаға не жетпегенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Испания чемпионатында "Реал" екінші болды, ал Чемпиондар лигасынан 1/2 финалда шығып қалды.

"Бізге лигадағы бәсекеге қабілеттілік жетіспеді. Былтырға қарағанда құрамымыз мықты еді, бірақ тұрақтылық жетіспеді. Бұл өте қиын маусым болды: қаңтарда Испания суперкубогі, әлем чемпионаты, одан кейін ақпанда чемпиондыққа талас. Мұның бәрі лигадағы ұпайлармызды алып қойды. 

Маусым жақсы өтті және келесі жылы бұдан қызықтырақ өтеріне сенімдімін. Біз алаңға үлкен мотивация, энтузиазм және ықыласпен ораламыз", - деп береді Анчелоттидің сөзін клубтың ресми сайты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport