auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қаржылық қиындыққа тап болған "Барселона" үздік қақпашысын сатып жіберуі мүмкін

Ол каталониялық клуб сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Қаржылық қиындыққа тап болған "Барселона" үздік қақпашысын сатып жіберуі мүмкін
Сурет "Барселона" сайтынан алынды.

"Барселона" қақпашысы Марк-Андре тер Штеген "Бавария" сапына ауысуы мүмкін,- деп хабарлайды TodoFichajes басылымы. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, мюнхендік клуб қақпашыға қызығушылық білдіріп отыр екен. "Барселона" басшылары болса тер Штегенді қаржылық қиындыққа байланысты сатып жіберуі ықтимал. 


Айта кетейік, бұған дейін "Барселона" командасының футболшылары жалақысын қысқартуға келісім бермесе, клуб банкротқа ұшырауы мүмкін деген ақпарат шыққан болатын. 

Ал "Бавария" басшылары Марк-Андре тер Штеген Мануэль Нойердің орнын басады деген сенімде. Бұл трансфердің құны 80 миллион еуроға бағаланып отыр. 

28 жастағы неміс қақпашысы "Барселона" сапында 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол "Боруссия" сапынан ауысып келген. Биыл ол жарақатына байланысты команда сапында әлі ойнамады. Оның каталониялық клубпен 2025 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 








 

Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар