Карим Бензема шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды
Мадридтік Реалдың және футболдан Франция құрамасының орталық шабуылшысы Карим Бензема шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды RMC Sport телеарнасы.
Мадридтік Реалдың және футболдан Франция құрамасының орталық шабуылшысы Карим Бензема шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды RMC Sport телеарнасы.
Мұндай шешімді Версаль қылмыстық соты қазіргі таңда Грекияның "Олимпиакосында" доп теуіп жүрген тағы бір француз футболшысы Матье Вальбуэнаны интимдік видеомен бопсалау ісі бойынша шығарды.
Оның үстіне, Карим шартты жазаға қосымша 75 мың еуро айыппұл төлейді. Сот француз өз әрекетінің қылмыстық сипатын білмеген деген қорытындыға келді.
Айта кетейік, 2015 жылы шабуылшы Вальбуенаның интимдік видеосын тауып алды. Бензема бұл видеоны көріп, шантаж жасаған болатын және ол өз талаптарын әріптесіне жеткізді.
Сол жылы мадридттік "Реалдың" шабуылшысы Франция құрамасынан шеттетілді. Соның салдарынан шабуылшы 2016 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатынан құр қалды. Алайда Еуро-2020 додасының алдында құрамаға қайта оралды.
Жарнама