Карим Бензема Сауд Арбиясында жарақат алып қалды

©AFP

Франциялық шабуылшы Карим Бензема Сауд Арабиясы чемпионатының төртінші тур матчінде жарақат алып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бензема өнер көрсететін "Әл-Иттихад" Меккеде өткен матчте "Әл-Вахда" командасын 3:0 есебімен ұтты. 

Карим ойынның 42-минутында алаңнан кетуге мәжбүр болды. Футболшының қылтасына бірдеңе болғанға ұқсайды. 

Айта кетейік, "Әл-Иттихад" Сауд Арабиясы чемпионатының алғашқы төрт матчінде де жеңіске жетіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. Бенземаның саудиялық командамен келісімшарты 2026 жылға дейін есептелген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport