Карим Бензема "Реалмен" жаңа келісімшарт жазатын болды

©Reuters

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карин Бензема жуық арада командамен жаңа келісімшарт жасайды. Бұл туралы инсайдер Экрем Конур Twitter парақшасында жазды. 

Бензаманың "Реалмен" қазіргі келісімшарты 2023 жылдың соңында аяқталады. Ал дереккөздің ақпараты бойынша, мадридтік команданың басшылары 34 жастағы шабуылшыға 2024 жылдың соңына дейін жаңа келісімшарт дайындауда. 

Айта кетейік, биыл Бензема "Реал" сапында барлық турнирлерде 44 ойынға қатысып, 44 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Шабуылшының голдарының арқасында "Реал" Чемпиондар лигасының финалына шығып, Испания чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport