Футбол
23 желтоқсан 2021 13:06
 

Карим Бензема Криштиану Роналдудың көрсеткішінен асып түсті

  Пікірлер

blog.share

Карим Бензема Криштиану Роналдудың көрсеткішінен асып түсті ©"Реал" ФК

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема Испания чемпионатының 21-турында бильбаолық "Атлетик" командасына қарсы кездесуде екі голмен көзге түсті. 

blog.share

Мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Карим Бензема Испания чемпионатының 21-турында бильбаолық "Атлетик" командасына қарсы кездесуде екі голмен көзге түсті. 

Осылайша, франциялық шабуылшы 2021 жылы 47 гол соқты. Бұл көрсеткіш бойынша Бензема 46 гол соққан "Манчестер Юнайтедтің" шабуылшысы Криштиану Роналдудан озып кетті. 

Бір жылда ең көп гол соққан шабуылшылар арасында "Баварияның" сұрмергені Роберт Левандовски көш бастап тұр. Оның еншісінде 69 гол бар. Екінші сатыға жайғасқан ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппеде мен "Боруссия" ойыншысы Эрлинг Холандта 49 голдан. 

Биылғы маусымда Бензема жалпы Испания чемпионатында 18 кездесу өткізіп, 15 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген. 

Ал "Реал" командасы болса 43 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында. "Атлетик" 24 ұпаймен оныншы сатыда тұр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!