Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема жарақатынан айықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Marca басылымының мәліметінше француз форварды Чемпиондар Лигасының қарсаңында жарақатынан айықты. Ол Испания чемпионатының 22-турында "Эльчемен" өткен матчтың 58-минутында жарақат алған еді. Осыған орай "корольдіктердің" басты сұрмергені кәрі құрлық турнирінің 1/8 финалында "ПСЖ" клубына қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін. Бұл ақпаратты бас бапкер Карло Анчелотти де растап отыр.
Еске салайық, ақпан айының 15 күні Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында "Пари Сен Жермен" және "Реал" командалары өзара мықтыны анықтайды. Бірінші ойын Парижде өтеді. Карим Бензема биылғы Ла Лига маусымында алаңға 21 рет шығып, 17 голдың авторы атанды.