Футбол
12 ақпан 2022 02:02
 

Карим Бензема жарақатынан айықты. Ол чемпиондар Лигасында ойнауы мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Карим Бензема жарақатынан айықты. Ол чемпиондар Лигасында ойнауы мүмкін ©Getty Images

Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема жарақатынан айықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема жарақатынан айықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Marca басылымының мәліметінше француз форварды Чемпиондар Лигасының қарсаңында жарақатынан айықты. Ол Испания чемпионатының 22-турында "Эльчемен" өткен матчтың 58-минутында жарақат алған еді. Осыған орай "корольдіктердің" басты сұрмергені кәрі құрлық турнирінің 1/8 финалында "ПСЖ" клубына қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін. Бұл ақпаратты бас бапкер Карло Анчелотти де растап отыр.

Еске салайық, ақпан айының 15 күні Чемпиондар Лигасының плей-офф раундында "Пари Сен Жермен" және "Реал" командалары өзара мықтыны анықтайды. Бірінші ойын Парижде өтеді. Карим Бензема биылғы Ла Лига маусымында алаңға 21 рет шығып, 17 голдың авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!