Карим Бензема Франция құрамасының ең үздік бес шабуылшысының қатарына енді

©championat

Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема ұлттық құрама тарихындағы сұрмергендер арасында бесінші орынға көтерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

ӘЧ-2022 іріктеу турнирі аясында Қазақстан командасымен ойнаған Дешам ойыншылары 8:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Стас Покатилов қақпасына қос доп соққан Бензема карьерасындағы 35-ші голды салды. Осылайша, "Реал" шабуылшысы бір кездері доп тепкен Давид Трезегені басып озды.

Еске салайық, Франция тарихында ең көп гол соққан Тьерри Анри. 1997-2010 жылдары Анри Франция құрамасында өткізген 123 кездесуде 51 гол салған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: