Карим Бензема Еуро-2020 турниріне қатыспауы мүмкін

сурет: twitter

Жуырда Франция ұлттық құрамасына қайта шақырту алған Карим Бензема Болгариямен өткен матчта жарақат алды. Кездесудің 35-ші минутында "Реал" ойыншысына медициналық көмек көрсетілген. Алайда араға бірер минут салып Бензема кездесуді жалғастыра алмады.

Нәтижесінде Дидье Дешам Бенземаның орнына Оливье Жируды алаңға шығарды. "Стад де Франста" өткен матч әлем чемпионының пайдасына 3:0 есебімен аяқталып, Жиру дубль авторы атанды.

2015-ші жылдан бері негізгі командаға енді шақырту алған Бенземаның жарақаты ауыр болған жағдайда Еуропа чемпионатына қатыспауы мүмкін. Ал кәрі құрлық турнирінің басталуына небәрі 2 күн қалып отыр. Карим өзінің спорттық карьерасында Франция сапында 83 ойында 27 гол соққан.

Франция құрамасы Еуропа чемпионатының F тобында Германия, Португалия және Венгрия командаларымен кездеседі.

Метки:
Жаңалықтар