Карим Бензема Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды

©Reuters

"Реал" шабуылшысы Карим Бензема 2021/2022 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды УЕФА ресми сайты. 

Бензема биыл турнирдің үздік сұрмергені атанды. Ол 12 кездесу өткізіп, 15 гол соқты. 15 голдың шабуылшы 10-ын плей-офф кезеңінде салды. Сонымен қатар, 34 жастағы Бенземаның еншісінде бір нәтижелі пас бар. 

Шабуылшы орташа есеппен бір кездесуде 10,13 километр жүгірген. Ал оның Чемпиондар лигасындағы ең жоғары жылдамдығы сағатына 32 километр болған. 

Еске салайық, биыл ЧЛ финалында "Реал" ағылшындық "Ливерпуль" командасымен кездесіп, 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды бразилиялық шабуылшы Винисиус Жуниор соқты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport