Карим Бензема Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды

©Реал ФК

"Реал" клубының капитаны Карим Бензема Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды турнирдің ресми twitter парақшасында.

Франция құрамасының шабуылшысы Чемпиондар Лигасының 1/8 финалында "ПСЖ" қақпасына қарсы хет-трик жасады. Нәтижесінде қос ойынның қорытындысы бойынша мадридтік ұжым келесі айналымға жолдама алды.

Ал аталмыш матчтан кейін "ПСЖ" ойыншылары Неймар мен Доннарумма киім ауыстыру бөлмесінде төбелесе жаздады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport