Карим Бензема бір матчта екі пенальти соға алмады

©Реал ФК

Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема бір ойында екі пенальти соға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Аталмыш жағдай Ла Лигада соңғы 16 жылда бірінші рет тіркеліп отыр.

Испания чемпионатының 33-турында Бензема "Осасуна" (1:3) қақпасына екі рет 11 метрлік айып добын дәл тебе алмады. Примера тарихында соңғы рет 2006 жылы "Эспаньол" форварды Рауль Тамудо бір матчта екі пенальти соға алмаған еді. Ол кезде Тамуда "Бетис" (2:0) қақпашысының саңылауын таба алмады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport