Футбол
20 қараша 2022 11:37
 

Карим Бензема әлем чемпионатына қатыспайтын болды

  Пікірлер

blog.share

Карим Бензема әлем чемпионатына қатыспайтын болды ©fff.fr

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы, "Алтын доп" иегері Кәрім Бензема жарақатына байланысты Қатарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

Футболдан Франция құрамасының шабуылшысы, "Алтын доп" иегері Кәрім Бензема жарақатына байланысты Қатарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Кейін ол Дохадағы емханаға барып, тексерістен өтті. Емханада сан бұлшық етінен жарақат алғаны анықталды. 34 жастағы футболшының қатарға қосылуына 3 апта керек. 

Осы жағдайдан кейін Франция құрамасының бас бапкері Бенземаның әлем чемпионатына қатыспайтынын растады. 

"Кәрім үшін өкінішті. Оның басты мақсаты - осы әлем чемпионатында өнер көрсету еді. Бензаманың жарақат алғанына қарамастан, мен құрамаға толық сенімдімін. Барлық қиындықтарды жеңіп, сәтті өнер көрсету үшін барлығын жасаймыз", - деді Дидье Дешам. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты бүгін, 20 қараша басталып, 18 желтоқсанда аяқталады. Франция құрамасы D тобында Дания, Тунис және Аустралиямен ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!