Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дуглас Жуниор Instagram желісінде команданың Еуро-2022 турнирінен шығып қалғанына қатысты ойын жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Сөзім жоқ, бірақ, бұл карьерамдағы ең қайғылы күндердің бірі екені күмәнсіз... Осы маңызды жарыс күндері білдірген жылуларыңызға рахмет. Ісімді жасауға денсаулық пен күш берген Құдайға алғыс айтамын. Қайда болсам да осы ісімді үзбеймін. Тағы бір Еурода ойнаймын ба? Осы бір Қазақстан деген керемет ел үшін тағы күресу мүмкіндігі бола ма? Жаратушы мен уақыт қана біледі. Ең үздіктермен ойнауға мүмкіндік берген Қазақстанға алғыс айтамын. Құдай біледі алғысым мәңгілік", - деп жазыпты ол.