Футбол
18 маусым 2020 10:42

Карьарасында алғаш рет Роналду екі финал қатар ұтылды

Сурет: : Reuters©
Португалия құрамасы мен туриндік "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду карьерасында алғаш рет қатарынан екі финалда ұтылды, - деп хабарлайды Goal.

"Ювентус" Италия кубгының финалдық матчінде "Наполиге" есе жіберді. Римдегі "Олимпико" стадионында өткен ойынның негізгі уақытында гол салынбады. Ал пенальти сериясында "Наполи" футболшыларының жолы болды - 4:2. "Ювентус" бұған дейін ел Суперкубогы үшін ойында "Лациодан" ұтылды (1:3). 



Осылайша, "Ювентус" қатарынан екінші жыл Италия кубогын иелене алмай отыр. Роналду ауысып келгенге дейін туриндік клуб бұл трофейді төрт жыл қатарынан ұтқан. "Ювентус" - Италия кубогын 13 рет иеленіп, осы көрсеткіш бойынша рекордсмен. "Наполи" оны алтыншы рет жеңіп алды.



Роналду "Ювентуске" 2018 жылы жазда "Реалдан" ауысқан. Футболшы мен команда арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін жасалған.