Қарақшылар "Барселона" ойыншысының жағын сындырған
"Барселона" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгтың Испаниядағы үйіне қарулы қарақшылар тонап, футболшының жағын да сындырған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Барселона" шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгтың Испаниядағы үйіне қарулы қарақшылар тонап, футболшының жағын да сындырған, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
The Athletic ақпараты бойынша, ойыншының қалпына келу жылдамдығы отасына байланысты. Обамеянг отаны жасату немесе жасатпау туралы шешімін әлі қабылдаған жоқ. Жарақатына байланысты ол ойын алаңына бір айдан аса уақыт шықпауы мүмкін.
33 жастағы Обамеянгтың жарақатына қарамастан, лондондық "Челси" оны өз қатарына қосудың келіссөздерін тоқтатпаған көрінеді. Алайда қос тарап әлі ешқандай келісімге келген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Обамеянг "Барселона" қатарына 2022 жылдың қаңтарында қосылды. Ол клубқа еркін агент ретінде келді. Ла-лигада шабуылшы қазірге дейін 24 ойын өткізіп, 13 гол мен бір нәтижелі пас авторы атанды.
Жарнама