Қарақшылар "Арсенал" ойыншысының көлігін тартып алмақ болған

1 желтоқсан 2021 12:05
©Nachedeu

"Арсеналдың" бразилиялық қорғаушысы Габриэль көлігін тартып алмақ болған қарақшылардың бетін қайтарды, деп хабарлайды "Чемпионат".

23 жастағы футболшы досымен бірге түнгі клубтан келгенде, оларға гаражға кіріп алған қарақшылар шабуыл жасаған. Олардың бірі бразилиялыққа бита кезеніп, көлік кілті мен сағат, телефон сияқты бағалы заттарын талап еткен. Алайда Габриэль шабуылдағандармен төбелесе кетеді де, қарақшылар қашқан. Бұл оқиға тамыз айында болыпты, бірақ, оқиғаның мән-жайы енді ғана жария етілді. 

Габриэль де, оның досы да зардап шекпеген. 

Футболшы "Арсеналға" қыркүйекте "Лилль" сапына 26 миллион еуроға өткен. Лондондық клуб үшін Габриэль 42 матч өткізіп, төрт гол салған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport