Англия құрамасының шабуылшысы Маркус Рэшфорд ресми түрде Британия империясы Орденінің кавалері атанды. "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы өткен жылы балаларға тегін тамақ үлестіруімен көзге түскен.
Осыған орай, Британия тағының мирасқоры Уильям Ханзада салтанатты іс-шарада футболшы мен анасы Меланиді марапаттады.
Еске салайық, Рэшворд "қызыл сойқандар" сапында 183 ойында 57 гол соқты. Сонымен қатар, 2016 жылдан бері Англия құрамасында өткізген 46 кездесуде қарсылас қақпасына 12 гол салды. Ол осыған дейін де қайырымдылықпен бірнеше рет көзге түскен еді.