Футбол
23 қазан 00:42

"Карабах" үшінші турда сенсация жасай алмады

©

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне алғаш рет шыққан Әзербайжанның "Карабах" командасы үшінші турда Испанияның "Атлетик" клубына жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Бильбаода өткен матчта алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда ойын бастала сала Леандро Андраде соққан голмен әзербайжандық клуб есеп ашқан. Алайда бірінші тайм аяқталғанға дейін Горка Гурусета есепті теңестіріп кетті. 

Екінші таймда алаң иелері толықтай басымдыққа ие болды. 70-минутта Роберт Наварро "Атлетикті" алға шығарды, ал сәл кейін Гурусета дубль рәсімдеп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Athletic Club (@athleticclub)

Бұл жеңіс "Атлетик" үшін биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы алғашқысы болды. Бұған дейін басктар лондондық "Арсеналдан" (0:2) және дортмундтық "Боруссиядан" (1:4) ұтылған еді.

Ал "Карабах" болса "Бенфика" мен "Копенгагеннен" 3 ұпайдан алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport