"Карабах" Конференция лигасындағы "Қайратпен" матч алдында бірніше ойыншыдан айырылып отыр

© "Карабах" ФК

Әзірбайжандық "Карабах" Конференция лигасының өз алаңындағы "Қайратпен" ойын алдында бірнеше футболшыдан айрылып отыр. 

Sportinfo.az мәліметінше, үшінші тур матчіне "Карабахтың" үш футболшысы қатыспайды. Осылайша, Хайме Ромеро маусымды мерзімінен бұрын аяқтады - испаниялық жартылай қорғаушы ота жасатты.

Сонымен қоса, қорғаушылар Бадави Гусейнов пен Эльвин Джафаргулиев те жарақатынан сауығып жатыр.

"Карабах" - "Қайрат" ойыны 21 қазан Бакуде өтеді, басталуы 22:45. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport