"Карабах" футболшысының "Ақтөбеге" өтеді деген ақпаратқа нақты жауап берді

29 желтоқсан 2021 13:31
©"Тобыл" ФК

"Ақтөбе" сапына өтуі мүмкін болған Эмиль Балаев карьерасын "Карабах" клубында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Балаев - біздің футболшы, онымен келісімшарт бар. Эмиль командада қалады, оған қатысты "Карабахқа" ешқандай нақты ұсыныс болған жоқ", - дейді әзірбайжандық клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында "Ақтөбе" Әзірбайжан құрамасының қақпашысына көз тігіп отырғаны хабарланған еді. Команда Жасур Нарзикулов пен Сергей Ревякиннің орнына ойншылар іздеуде.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport