"Карабах" Еуропа Лигасында Франция чемпионатының командасын ұтты

16 қыркүйек 2022 02:17
©azerisport

"Карабах" клубы Еуропа лигасының екінші турында "Нантты" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Баку төріндегі "Тофик Бахрамов" атындағы стадионда әзірбайжандықтар 3:0 есебін тіркеді. Бірінші таймда таблода 0:0 есебі тіркелсе, үзілістен кейін алаң иелері 12 минуттың ішінде 3 гол салды.

"Карабах" сапында Овусу (60-минут), Абделла Зубир (65-минут) және Марко Янкович (72-минут) көзге түсті.

Осылайша, Гурбан Гурбановтың ойыншылары G тобында 3 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Бұл топта "Карабах" пен "Нанттан" (3 ұпай) бөлек, "Фрайбург" (6 ұпай) және "Олимпиакос" (0 ұпай) командалары бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар