"Қапқа салынған картоп емеспін". "Барселона" хавбегі клубтан кетуіне қатысты

Сурет: Football.ua
Хорватия құрамасы мен "Барселона" хавбегі Иван Ракитич келешегіне қатысты шешімді өзі де қабылдай алатынын айтып, каталондық клубты құрмет танытуға шақырды.

"Карьерамды қайда жалғастыратынымды өзім шешем. Қайда болса, сонда сүйеп қоя салатын қапқа салынған картоп емеспін. Мені сыйлайтын, керек қылатын және отбасыма жайлы жерде болғым келеді. Осы жер болса, қуанышыма шек жоқ, олай болмаса, онда қайда баратынымды өзім шешемін", - дейді Ракитич Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында. 

"Барселона" ең тамаша жер екенін үнемі айтатынмын. Командаға көмектесіп, осыдан ләзәт алғым келеді. Маусымның бірінші жартысы оғаш болды, бірақ, одан сабақ алып, жетіле түсуім қажет. Кейде түсіне алмайтын, бірақ, қабылдау керек болатын дүниелер болады", - деп түйіндеді қорғаушы. 

Мұның алдында Ракитич "Барселонадан" маусым аралығында кетуі мүмкін екені хабарланған. Футболшыға "Манчестер Юнайтед" пен туриндік "Ювентус" көз тігіп отыр.
Жаңалықтар