"Капитаны болу мен үшін – үлкен бақыт". Тағыберген Молдоваға қарсы кездесуден не күтетінін айтты

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде Молдовамен болатын қарымта ойынға қатысты пікір білдірді.

- Молдоваға қарсы ойынның бірінші таймында команда қатты қобалжығандай болды. Мұның себебі неде? Сондай-ақ Андрей Карповичтің қойған ойыны Талғат Байсуфиновтен қаншалықты ерекшеленеді?

- Ия, қобалжу болды. Өздеріңіз білесіздер, федерация президенті, кейін команданың бас бапкері ауысты. Бұл бірінші ойын болғандықтан, жігіттер қобалжыды. Бірақ оны артқа тастап, жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Әдемі ойын көрсетпесек те, нәтиже үшін ойнауға тырыстық. Ойынның айырмашылығын айтатын болсам, әр бапкердің футболға деген өзіндік көзқарасы бар. Біз футболшылар ретінде бапкердің кез келген нұсқауын орындауымыз керек.

- Ұлттық құраманың капитаны болу сіз үшін нені білдіреді?

- Менің ойымша, ұлттық құрама сапында капитан болуға лайық ойыншылар көп. Ұжымның маған капитандық міндетті сеніп тапсырғаны қуантады. Кез келген футболшы үшін ұлттық құрама биік шың болып табылады. Мен үшін бұл команданың капитаны болу – үлкен бақыт.

- Алаң ортасында "Қайсардағыдай" Думанмен бірге өнер көрсеттіңіз.

- Мен Думанға інімдей қараймын. Мен онымен бірге ойнауды сағындым ба? Біз кәсіпқой болғандықтан, бұл туралы ойламауға тырысамыз.

- Андрей Карпович алыстан соққы жасауға рұқсат ете ме?

- Әрине. Бұл менің күшті жақтарымның бірі деп есептеймін. Мұны жаттықтырушыларымыз да біледі. Олар маған үнемі допты алыстан тебу керектігін айтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport