Ресейлік ЦСКА мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жақында алған жарақатына байланысты екі аптадан бір айға дейін алаңға шыға алмауы мүмкін, деп хабарлайды Sport24.
Ойыншы ЦСКА қарамағында қосымша тексерістен өтті. Қазақстан құрамасының дәрігерлері қойған диагноз расталды.
Естеріңізге сала кетейік, жартылай қорғаушы жарақат алып, құрама сапында алаңға шыға алмағаны үшін даудың ортасында қалған еді. Ол 2022 жылғы әлем чемпионаты іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасының Францияға қарсы ойынына қатыса алмады.