Өзбекстан құрамасының бас бапкері Фабио Каннаваро Нидерланды командасына қарсы жолдастық кездесудегі 1:2 есебімен болған жеңіліске пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Біз жақсы дүнеиелрді де көп көрсеттік"
Италиялық маман нәтиже көңіл көншітпегенімен, команда матч бойы тәртіп пен ойын құрылымын сақтай алғанын айтты.
"Біз көптеген оң сәттер де көрсете алдық деп есептеймін. Есеп 1:0 болғаннан кейін де команда тәртіп пен ойын құрылымын жоғалтқан жоқ, алаңда біртұтас ұжым ретінде әрекет етіп, соңына дейін күресті. Мұндай деңгейдегі құрамаларға қарсы ойнау оңай емес, бірақ, мен өз футболшыларымның әрекеттерінен көптеген жақсы тұстарды байқадым. Бізге дәл осындай матчтар қажет: мықты қарсыластармен кездесулер әрдайым тәжірибе жинап, жаңа нәрсе үйренуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, ойынға көңілім толды", – деп береді Каннавароның сөзін uznews.
ӘЧ-2026 қарсаңындағы маңызды тәжірибе
Нидерландқа қарсы матч 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында өтті. Екі құрама да әлемдік додаға жолдама алып қойған.
Турнирде Нидерланд құрамасы Жапония, Тунис және Швециямен бір топта ойнайды.
Ал тарихында алғаш рет әлем біріншілігіне қатысқалы отырған Өзбекстан құрамасы Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасымен күш сынасады.
Жарнама