Футбол
10 маусым 12:43

Каннаваро ӘЧ-2026 алдында көшбасшы ойыншыны Өзбекстан құрамасынан шығарды

Фабио Каннаваро. ©Uzbekistan Football Association

Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Жалолиддин Машарипов 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Өзбекстан әлем чемпионаты алдында көшбасшысынан айырылды

Футболшы жарақатына байланысты команданың әлем чемпионатына арналған түпкілікті құрамынан шығарылды. Мұндай шешімді құраманың бас бапкері Фабио Каннаваро қабылдады.

Дереккөз мәліметінше, Машариповтың орнын Өзбекстан құрамасының өтінімінде Русланбек Жиянов басады.

Федерация мәлімдемесі

Өзбекстан футбол қауымдастығы (ФҚӨ) Машариповтың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

Футболшы АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны кезінде бел тұсындағы ауырсынуға байланысты қиындықтарға тап болған. Осы себепті ол соңғы жаттығуларды, сондай-ақ Канада және Нидерланд құрамаларына қарсы жолдастық матчтарды өткізіп алған.

"Соңғы апталарда ойыншының арқасы жиі ауырды. Оның жағдайы дәрі-дәрмекпен емдеу және физиотерапияның арқасында жақсарған еді. Алайда кейін ауырсыну қайта оралды. МРТ тексеруі омыртқааралық сүйегінің жарығы қайта ашылғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта ұлттық құраманың медициналық штабы Жалолиддин Машариповтың денсаулық жағдайын бақылап жатыр. Бұл жағдай бойынша түпкілікті медициналық қорытынды алынғаннан кейін қосымша ақпарат беріледі", - делінген ӨФҚ хабарламасында.

Машарипов Өзбекстан құрамасының көшбасшыларының бірі саналады. 32 жастағы футболшы ұлттық құраманың капитаны болды және қазіргі уақытта Иранның "Эстегляль" клубында өнер көрсетеді. Ташкенттің "Пахтакор" клубының түлегі халықаралық деңгейде Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында танымалдыққа ие болды. Бұл командада португалиялық жұлдыз шабуылшы Криштиану Роналду да өнер көрсетеді.

Өзбекстан әлем чемпионатында кімдермен ойнайды?

2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.

Өзбекстан құрамасы K тобына түсіп, Португалия, Колумбия және Конго Демократиялық Республикасы құрамаларымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport