Футбол функционері Берік Қаниев "Қайрат" футбол клубының жаңа иегері болатын ойы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Кейбір ақпарат көздері мен "Қайрат" клубының жаңа басшысы болады деген сыбыс таратуда.
Мәселенің анығын айтқым келеді - менің ондай ойым жоқ. Қазіргі таңда мен бар назарымды "Жас Қыран" ФК және жастар мен жасөспірімдер футболын дамутыға салып отырмын", - деп жазыпты Қаниев Instagram желісінде.