"Канело" Мессиді қорқытты. Іс насырға шабуы мүмкін

©instagram.com/canelo

Белгілі мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Аргентина құрамасының жұлдызы Лионель Мессидің аяғының астында Мексикамен матчтан кейін өз елінің жейдесінің жерде жатқанына қатысты үн қатты.

Мексиканы ұтқан соң киім ауыстру бөлмесінде аргентиналықтар жеңісті тойлағандықтан қарсылас команда ойыншысының жейдесі жерде жатқанына ешкім назар аудармаса керек. Алайда әлеуметтік желіде соны байқап қойған "Канело" футболшыға үн қатты.

"Мессидің аяғының астында біздің елдің туы бейнеленген жейдені көрдіңіздер ме???? Құдайдан оны тауып алмасам екен деп тілеймін! Мен Аргентинаны қалай сыйласам, олар да Мексиканы солай құрметтесін! Мен Аргентина жайлы емес, тек Месси турасында айтып отырмын", - деп жазды Альварес твиттер парақшасында.

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпонатында Аргентина мен Мексика арасында ойында Месси бастаған команда 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: